Основная информация

АҚЫН

Бастан сан өткерсем де сәттерді алаң,
Жердегі сыбағам ғой бақ пен налам.
Ақынды қалай жақсы көретінін-
Адамға көрсетпейді әттең ғалам!

Жолдас қып күн кешсем де кішілікті,
Шындықты кім шеткері ысырыпты?!
Тек аспан түсінетін жүрегімді-
Пенденің түсінбеуі түсінікті!

Жетелеп әкетсе де шалғайға түн,
Түнектен сезінемін таңдай рақым!
Құдайдың құлы болып туғаннан соң,
Құлқынның құлы бола алмайды ақын!

Көңілім біресе күн, біресе мұң,
Күн сайын сан сезіммен күресемін!
Жүректің мың тылсымын біле тұрып,
Тірліктің шеше алмадым бір есебін!

Шайырға шаттық көктем,гүлдеген бел,
Әлемнің мейірімін үрлеген жел!
Ақынның кім екенін білмейді, рас
Өлеңнің не екенін белмегендер!

Бастан сан өткерсем де сәттерді алаң,
Жердегі сыбағам ғой бақ пен налам.
Ақынды қалай жақсы көретінін-
Адамға көрсетпейді әттең ғалам!

( с) РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ.

Параметры группы

РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ
Страна: нет данных
Город: нет данных
Тип группы: Открытая группа
Членство в группе: Доступно всем
Возрастные ограничения: нет
Количество подписчиков: 341
Ссылка на соц.сеть: club132814304
Статус: Көзіме қарашы бір... Қарашы бір... Қарасаң ағы да нұр, қарасы нұр!.. (c) РAXAT ӘБДІРАХМАНОВ

Участники и подписчики

Уатхан Ақжол, Казахстан, Талдыкорган
Ақжол Уатхан
Казахстан, Талдыкорган, 30 лет
Муратбек Тынымбаев
Казахстан, Алматы
Пирмашов Жайдархан, Казахстан, Кызылорда
Жайдархан Пирмашов
Казахстан, Кызылорда , 51 год

Правовая информация

Представленная здесь информация получена из общедоступного открытого источника.
Сайт не несет ответственность за достоверность и актуальность данной информации.

Если вы администратор группы «РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ» или являетесь его законным представителем, вы можете удалить эту страницу.