Основная информация
Қоңырат тайпасының таңбасы («босаға таңба»), ұраны «Алатау», «Мүкәмал». Түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың да этникалық тарихына қоңырат тайпасы зор үлестерін қосты. Монгол деректері мен араб, парсы, Орта Азия және қытай авторлары шығармаларында айтылатындай, бұл тайданың шығу тегі монғөлдардан таратылатынын көреміз. Түркілер арасындағы «қоңырат» этнонимі, яғни Орта Азия мен Қазақстан халықтарының этногенезіндегі бұл тайпаның тегі монғолдардан шыққанын теріске шығарады. Қоңырат тайпаларының қалыптасуында монғол-қоңырат элементтері елеулі болды, бірақ олардың негізгі көпшілігі түркі рулары еді. Бұл арада қоңырат тайпалары тобының жаңа этно-әлеуметтік ұйымға бірігіп, Дешті Қыпшақ даласында үстемдік еткен Жошы әулеті ұрпағының бір бұтағы жаңа «қоңырат» атауын алғаны айқын. Дешті Қышнақ тайпаларында «қоңырат» әтнонимінің таралуы, біздің пікірімізше, монгол құрамында болған пбкбг, покой (нөкер) институтымен байланысты. Нөкерлер дегеніміз монғол нойонының, баћадүрінің, мергенінің, яғни монғол қоғамының экономикалық, саяси және әскери өмірінде маңызды қызмет атқарған феодалдық тап өкілдерінің әскери жасағы. Осы ұландардың көмегімен монгол феодалдары бағындырылған халықтарға өз үстемдігін орнатты.
Мысалы, Шыңғыс-хан Иранда монғол билігін жүзеге асыру үшін Шинк-гургенге қоңырат тайпасынан 4000 жігіт бөлген. Тегінде, қоңырат тайпасынан гдыққан күшті бір әулет Дешті Қыпшақтың негізгі көпшілігі түркілерден тұратын кейбір руларды (тайпаларын) басқарып, жаңа этно-әлеуметтік ұйымға үстемдік етуші феодалдық әулеттің этнонимін қалыптастырған болса керек. Н. Аристов пен В. В. Бартольд өз еңбектерінде осыидай қорытындыға келеді. Жогарыда аталып өткендей, көшпенді халықтардың рулық-тайпалық құрылымындағы ірі буындардың түптөркініне мифтік мағына тәп, оларға халықтардың этникалық сана-сезімі мен идеөлөгиясы эсер етті және таксономиялық жіктердің реттілігін, сондай-ақ олардағы кейбір буылдардың жойылып кетуін реттеп отырды. Этникалық саиа-сезім мен замай идеологиясы халық эпостарында, аңыздары мен жырларында және т. б. көрініс табады. Түркі халықтарының этникалық тарихында қоңыраттардың үлкен қызмет атқарғаиын Қоңырат тайпасынаи шыққаи Алпамыс батыр туралы батырлық эпостың әр түрлі нұсқаларының бөлуы айқын дәлел.
Бұлар қазақтар мен қарақалпақтардың «Алпамыс», озбектердің «Алпамыш», башқұрттардың «Алпамыпі пен Барсын Хылуу» эпостары, татарлардың батырлық ертегісі «Алпамша», алтайлық тардың «Алый Манаш», қырғыздардың «Маиас» эпосы. Бұл эпостың әр түрлі (оғыз, қоңырат, қыпшақ) нұсқаларына, олардың