Основная информация

Ат баптау Ат баптау — бәйгеге қосар атты жарату, күйіне келтіру. Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды. Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Жақсы жылқының бойынан құмартып қайталайтын белгілері мынадай болып келеді: омыртқасы шығыңқы бітеді, кең тынысты, сағақты болып келеді, тұсарлығынан адырая көрінетін жуан сіңірді оңай аңғаруға болады, томардай болып біткен шоқтығы да көзге бірден түседі, тұтаса біткен кең кеудесі сирағын қысқа сияқты көрсетеді. Білгір атбегілер жүйрік аттың тісіне дейін қарап, егер күрек тіс қатары мен азу тіс қатарының арасындағы кетік алшақ болса, оны да жақсы қасиеттің бір нышанына балайды. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Аттың аяғы әлді болса ғана бір аяғына салмақ салып, тезірек тынығуға мүмкіндік алады. Немесе, жайылса желдеп жайылатын, су ішсе судың тұнығын қуалап ағысты өрлей ішетін, оттаса көк-құрақты қомағайлана қарбытып, дәл түптен қауып оратын, жетектесең ботадай елпілдеп соңыңнан еретін жетекшіл мінезін нағыз атбегілер хас жүйрікке тән қасиетке балаған. Міне, осы сияқты жылқының толып жатқан қасиет белгілеріне көңілі толған атбегі әрі қарай таңдаған пырағын баптауға кіріседі. Егер құлын кезінен көзі түссе, желкесін ноқтаға қидырмай, желіде шырылдатпай еркін жетілуін қадағалайды. Тіптен, тай, құнанында да иесіне үйірсек болуы үшін бас білдіріп қойғаны болмаса, жаншып мінбейді. Одан әрі, жылқының “мүшел жасы” делінетін дөненінде тарттырылады. Бестісінде баптауға кіріседі. Сәйгүлікті жарату үшін оны, ең алдымен, шабатын күйіне келтіріп алу шарт. Ол үшін, әрине еті ояздау келсе, біраз қоңдандырып, етін көтеріп алып барып жарата бастайды. Керісінше, ат семіз болса қызылмай, қанжілік етіп алмай, бірте-бірте баппен арытады. Мыс., семіздігі үш-төрт елі шығатын атты сартап етіп, бабына түсіру үшін кемінде 25-30 күн қажет. Күніне 15-20 шақырым жер жүріп келіп, 4-5 күнде бір таңасырып отырған жылқы қалаған бабыңа түседі. Осы тұста қазақы жылқының ішінде әр түрлі жаратуды сүйетін жылқылардың болатынын ескерте кеткен жөн. Бірі тоқжарау күйінде шабысын түзейді. А. б., түптеп келгенде, атты шынықтыру деген сөз. Атты жүгіртіп, желдіртіп, аяңдатып жарату, ең алдымен, тынысының кеңуіне, сіңірінің бекуіне, тұла бойын ауырлатқан ащы тердің шығуына мүмкіндік беруі.

Параметры группы

АТ БАПТАУ | БӘЙГЕ
Страна: нет данных
Город: нет данных
Тип группы: Сайт
Членство в группе: Доступно всем
Возрастные ограничения: нет
Количество подписчиков: 63 549
Ссылка на соц.сеть: at_baptau
Статус: «Қазақ үшін лауазым-шеннің,мансап-биліктің де биік шыңы-аттың үсті》

Участники и подписчики

Максутбеков Айбек, Казахстан, Алматы
Айбек Максутбеков
Казахстан, Алматы, 30 лет
Узаков Хусниддин, Россия, Долгопрудный
Хусниддин Узаков
Россия, Долгопрудный
Уайсов Мұсахан, Казахстан, Шымкент
Мұсахан Уайсов
Казахстан, Шымкент
Тлеухан Ахмет, Россия, Махачкала
Ахмет Тлеухан
Россия, Махачкала, 29 лет
Тажикулов Манас, Казахстан, Шымкент
Манас Тажикулов
Казахстан, Шымкент, 39 лет
Сайылов Мағжан, Казахстан, Шымкент
Мағжан Сайылов
Казахстан, Шымкент, 30 лет
Молдаханов Бауржан, Казахстан, Кокшетау
Бауржан Молдаханов
Казахстан, Кокшетау, 36 лет
Қасымбеков Нұрхат, Казахстан, Тараз
Нұрхат Қасымбеков
Казахстан, Тараз
Мустафаев Нуреке, Казахстан, Шымкент
Нуреке Мустафаев
Казахстан, Шымкент
Тулегенов Ержан, Казахстан, Атырау
Ержан Тулегенов
Казахстан, Атырау, 36 лет
Камзанов Баука, Казахстан
Баука Камзанов
Казахстан
Kaliaskar Kakim, Казахстан, Астана
Kakim Kaliaskar
Казахстан, Астана
Ардак Каскыр
Казахстан, Актобе, 23 года
Муканов Мерлан, Казахстан, Уральск
Мерлан Муканов
Казахстан, Уральск
Ерманов Жандос, Казахстан, Усть-Каменогорск
Жандос Ерманов
Казахстан, Усть-Каменогорск, 30 лет
Мухамеджанов Жайык, Казахстан, Алматы
Жайык Мухамеджанов
Казахстан, Алматы, 33 года
Saydullayev Nurlan, Казахстан, Алматы
Nurlan Saydullayev
Казахстан, Алматы, 29 лет
Битемiров Нурислам, Казахстан, Шымкент
Нурислам Битемiров
Казахстан, Шымкент, 27 лет
Тазабеков Эдик, Казахстан, Алматы
Эдик Тазабеков
Казахстан, Алматы
Садықбек Мейрамбек, Казахстан, Шымкент
Мейрамбек Садықбек
Казахстан, Шымкент, 28 лет
Жаңаш Едилжан, Казахстан, Шымкент
Едилжан Жаңаш
Казахстан, Шымкент
Толендиев Асеке, Казахстан, Шымкент
Асеке Толендиев
Казахстан, Шымкент, 41 год
У сообщества «АТ БАПТАУ | БӘЙГЕ» также имеется еще 561 участник и подписчик в социальных сетях.

Правовая информация

Представленная здесь информация получена из общедоступного открытого источника.
Сайт не несет ответственность за достоверность и актуальность данной информации.

Если вы администратор группы «АТ БАПТАУ | БӘЙГЕ» или являетесь его законным представителем, вы можете удалить эту страницу.